Құрметті тұрғындар! Шығыс Қазақстан облысы аумағында азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Бұл тұрғындарға ақпараттық-анықтамалық сипаттағы кеңес беру және мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты мәселелерді жедел шешуге көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік жоба.
Байланыс орталығының мамандары мәселенің мәнін анықтауға көмектеседі, азаматтарға қандай ведомствоға жүгіну керектігін түсіндіреді, өтініштің уақтылы қаралуын бақылайды.
Сіз өзіңізге қолайлы тәсілдердің бірімен кеңес ала аласыз:
- облыстың кез келген елді мекеніндегі стационарлық телефондардан және ұялы телефондардан тегін 1331 телефон нөмірі бойынша. Өтінім беру уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін оператор өтінімдерді қабылдайды, ал жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері автожауап беруші арқылы өтінім беруге болады;
- +77770561331 және +77772022002 нөмірлеріне WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы;
- www.1331.kz порталына;
- Digital East мобильді қосымшасы арқылы;
- Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайы бойынша орналасқан қоғамдық қабылдау бөлмесінің жеке қабылдауы. Фронт-кеңсенің жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін.