2021 жылғы 15 қыркүйекте мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатын қолдау мақсатында «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» тақырыбында ZOOM арқылы семинар өткізілді. Семинар жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің (бұдан әрі - Агенттік) өкілі, бас маман Мейіргүл Құсарқанқызы Сахариева қатысты.
М.Қ. Сахариева өз сөзінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы № 365-VI Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - ҚР Заңы) енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. ҚР Заңы келесі негізгі жаңалықтарды қарастырады:
1) мемлекеттік қызметшілердің, жауапты мемлекеттік лауазымдар атқаратын адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің (жұбайлары, ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және олармен тұрақты тұратын адамдар) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады. Енді мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне берілген кез келген сыйлықтар: сыйға тартушының пайдасына жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алынған, егер мұндай іс-әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірген болса немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты өздеріне білмей келіп түскен, хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал еткен болса, мемлекетке тиесілі болып есептеледі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берілуге тиіс (жұмыстағы жетістіктері мен басқа да үлестері үшін алған сыйлықтарды қоспағанда). Кейіннен, қалауы бойынша сыйлық тиісті органнан «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңға сәйкес айқындалған бағаға сатып алынуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің мемлекеттік қызметші қызмет бабында байланысты жеке және заңды тұлғалардың есебінен туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ екендігі жеке айтылған.
2) туыстардың мемлекеттік қызмет лауазымдарына орналасуға тыйым салу түрі өзгертілген: біріншіден, тиісті тыйым енді ерлі-зайыптылар мен жақын туыстарға ғана емес, сонымен бірге жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары жатқызылған жекжаттарға да қолданылады, екіншіден, лауазымды адамның қарамағында бұрынғысынша болуға тек туыстары, жұбайы мен жекжаттары үшін ғана емес, сондай-ақ лауазымды адамның қарамағында туыстары мен жекжаттарының болуына.
3) белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жоғары тұрған басшыға және/немесе органның басшылығына және/немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлау міндеті белгіленсе, ал бұрын тиісті ақпаратты заңнама нормаларына сәйкес органның/ұйымның басшылығына және/немесе құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
4) квазимемлекеттік сектордағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда белгіленген тыйымдар, шектеулер мен міндеттер қолданылатын тұлғалардың тізбесі кеңейтілді: квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына қосымша оған сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша не мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан қаржыландырылатын, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдар енгізілді.
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функциялары берілген және ұйым мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылайтын құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру міндеті белгіленген. Квазимемлекеттік болып табылмайтын жеке сектордың өзге ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құруға құқылы.
6) Қазақстанның Қылмыстық кодексіне қылмысқа арандату, яғни жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын, адамды кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында қылмыс жасауға көндірген лауазымды адамның заңсыз әрекеттері туралы 412-1-бап енгізілді. Көрсетілген әрекеттерді жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді. Қабылданған түзетулер пакеті 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң пайда болғаннан бері тоғызыншы болды.
Агенттік өкілі басқарма қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. М.Қ.Сахариева мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етуі, сондай-ақ оның алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуі тиіс екенін атап өтті.