
Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша 2025 жылғы 3 тоқсандағы ішкі өңірлік талдау көрсеткіштері
Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша тоқсан сайынғы ішкі өңірлік талдау жүргізу шеңберінде өңірлер әкімдерінің қызметі 21 көрсеткіш бойынша бағаланады.
2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 13 қала мен ауданнан:
- жоғары даму қарқыны (1-4 орын): Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын және Зайсан аудандары;
- орташа даму қарқыны (5-9 орын): Тарбағатай, Ұлан, Алтай, Күршім аудандары және Өскемен қаласы;
- төмен даму қарқыны (10-13 орын): Самар, Шемонаиха, Глубокое аудандары және Риддер қаласы.
Самар ауданы – 10 орын. Өнеркәсіптік өндірістің, негізгі капиталға инвестициялардың НКИ-і, агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесі, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістер көлемдерінің өсу қарқыны, 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі, онкологиялық аурулардың дамыған жағдайларының (III-IV сатысы) үлесінің төмендеуі және қалалар/аудандар әкімдерінің KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.
Шемонаиха ауданы – 11 орын. 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылықтың, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, бос жұмыс орындарына 10 мың жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі және KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.
Глубокое ауданы – 12 орын. Негізгі капиталға инвестициялардың, жеке инвестициялардың, құрылыс жұмыстарының НКИ-і, тұрғын үйді пайдалануға берудің, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістер көлемдерінің өсу қарқыны, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі және KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.
Риддер қаласы – 13 орын. Өнеркәсіптік өндірістің, өңдеу өнеркәсібі өнімінің, жеке инвестициялардың, бөлшек тауар айналымының НКИ-і, онкологиялық аурулардың дамыған жағдайларының (III-IV сатысы) үлесінің төмендеуі, бос жұмыс орындарына 10 мың жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру, 10 мың тұрғынға қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейлерінің өзгеруі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі және әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі көрсеткіштерінің төмен мәндері.