Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша 2025 жылғы 2 тоқсандағы ішкі өңірлік талдау көрсеткіштері

Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша тоқсан сайынғы ішкі өңірлік талдау жүргізу шеңберінде өңірлер әкімдерінің қызметі 21 көрсеткіш бойынша бағаланады.

2025 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 13 қала мен ауданнан:

- жоғары даму қарқыны (1-4 орын): Катонқарағай, Тарбағатай, Зайсан және Ұлан аудандары;

- орташа даму қарқыны (5-9 орын): Өскемен қаласы, Самар, Шемонаиха, Марқакөл және Глубокое аудандары;

- төмен даму қарқыны (10-13 орын): Риддер қаласы, Алтай, Үлкен Нарын және Күршім аудандары.

Алтай ауданы - 10 орын. Өнеркәсіптік өндірістің НКИ, өңдеу өнеркәсібі өнімі, негізгі капиталға инвестициялар, жеке инвестициялар, құрылыс жұмыстары, тұрғын үйді пайдалануға берудің өсу қарқыны, қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халық саны, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.

Үлкен Нарын ауданы - 11 орын. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны, мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістері, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмыс тиімділігі бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.

Риддер қаласы - 12 орын. Өнеркәсіптік өндірістің НКИ, өңдеуші өнеркәсіп өнімі, негізгі капиталға инвестициялар, жеке инвестициялар, бөлшек тауар айналымы, тұрғын үйді пайдалануға берудің өсу қарқыны, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, бос жұмыс орындарына 10 мың жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру, 10 мың тұрғынға қылмыс деңгейінің өзгеруі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.

Күршім ауданы - 13 орын. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ, құрылыс жұмыстары, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны, қалалар мен аудандар бюджеттерінің контингентіндегі бюджеттің меншікті кірістері, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, 100 мың тұрғынға туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі, онкологиялық аурулардың дамыған жағдайларының (III-IV сатысы) үлесінің төмендеуі, қалалар/аудандар әкімдерінің қызметін оң бағалайтын халықтың үлесі, қалалар/аудандар әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмысының тиімділігі және қалалар/аудандар әкімдерінің KPI көрсеткіштерін орындауы бойынша көрсеткіштердің төмен мәндері.