Діни бірлестік басшылары мен өкілдері дін істері басқармасымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Діни бірлестік басшылары мен өкілдері дін істері басқармасымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғауға бағытталған іс-шара өткізілуде.

Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, жасыл желек көлемін арттыру, сондай-ақ қоғамда табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Шара барысында әртүрлі конфессия өкілдері белсенділік танытып, ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты. Дін саласындағы диалог пен өзара құрмет негізінде өткен бұл іс-шара конфессияаралық келісімді нығайтып, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.

Аталған игі бастама бұдан әрі де жалғасын тауып, өңірдің экологиялық мәдениетін арттыруға өз үлесін қоспақ.