2020 жылдың 24 шілде күні ШҚО Дін істері басқармасында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы  бойынша өкіл имамы Ермек қажы Муқатайдың қатысуымен брифинг болып өтті

2020 жылдың 24 шілде күні ШҚО Дін істері басқармасында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы  бойынша өкіл имамы Ермек қажы Муқатайдың қатысуымен брифинг болып өтті

Брифинг барысында мұсылмандардың ҚҰРБАН АЙТ мерекесінде онлайн тапсырыс арқылы құрбандық шалу тәртібін түсіндірді.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қалалар және аудандарға Құрбан айтты онлайн режимде өткізудің тәртібі туралы  көше баннерлерін орналастыру келісілді.

Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша биылғы жылы qurban2020.kz сайтының  іске қосылғанды атап көрсетілді.

Құрбан айт мерекесінде http://qurban2020.kz/сайты арқылы құрбандық шалу үшін онлайн өтініш беруге болады. Осы сайт арқылы кез келген адам үйден шықпай-ақ  құрбандық шалу рәсімін өткізуге өтінім бере алады. Тапсырыс берушіге жұмыстардың барысы туралы хабардар етіледі.

Ең алдымен, қазіргі пандемия жағдайында кез келген адам карантин режимін сақтай отырып, қандай да бір байланыссыз қашықтықтан  құрбандық шала алады.

Сайтта құрбандыққа шалынатын  малдың  бағасы көрсетіледі.  Сол жерден  қажетті жануарды таңдап, тапсырыс беруге болады.

Құрбандыққа шалынған малдың еті шариғат талабы бойынша  мұқтаж адамдарға таратылады.