ШҚО-да білікті теологтар болады

ШҚО-да білікті теологтар болады

Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті

университетінде алты Шығыс Қазақстандық грант негізінде білім алуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2019 жылы ШҚО дін істері басқармасы

облыстық бюджет қаражаты есебінен отандық оқу орындарында оқуға ниет

білдірген үміткерлерді іріктеу жұмыстарын жүргізді. Өткен жылдың тамыз айында

атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 6 талапкер "Нұр –

Мүбарак"Египет ислам мәдениеті университетінде оқуға грант иегері атанды. 1

курстан кейін аталған студенттер Басқармада және "Шығыс Қазақстан облысының

дін мәселелерін зерттеу орталығы" ЖШС-да тиісті практикадан өтеді, онда олар

теологиялық жұмыста практикалық дағдыларды ала алады", - деп атап өтті

Басқармада.

Алдағы оқу жылына "Нұр - Мүбарак"Египет ислам мәдениеті университетінде білім

алғысы келетін тағы үш талапкерді жіберу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың тамыз

айында оларды оқытуға қаражат бөлінетін болады. Барлық студенттер оқуды

аяқтағаннан кейін өз аудандарында еңбек қызметін жүзеге асырады және

теологиялық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. ЖОО - ға түсушілер үшін жас

бойынша қандай да бір шектеулер жоқ", - дейді ШҚО дін істері басқармасының бас

маманы Сәлім Бахтияров.

Айта кетейік, жастар, олардың үшеуі қыздар облыстық бюджеттен грант есебінен

білім алған "алғашқы қарлығаштар" болады.

Мамандардың айтуынша, елдегі жоғары рухани білім беру жүйесін дамыту діни

сауаттылықтың жеткіліксіздігінен радикалды ағымдардың жақтаушысы болып

отырған жастарды тарту әрекеттерін жоққа шығаруға, сондай-ақ жастар

ортасындағы ақпараттық вакуумды толтыруға көмектеседі. Олар дінді білуге деген

қызығушылық негізінен мектеп түлектерінде байқалады дейді. Сондықтан оларды

уақытында дұрыс бағытқа бағыттау өте маңызды.

Маманның айтуынша, басқарма жастар тегін білім алуы үшін тағы 7 қосымша

грантқа өтінім берген.

"Әлеуетті студенттермен әңгімелесу жүргізіледі, біз олардың қандай мамандықты

таңдағысы келетінін, болашақта кім болғысы келетінін білеміз. Өз кезегінде,

болашақ студенттер "Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу

орталығы" ЖШС-да тәжірибеден өтіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап

алады", - деп атап өтті Сәлім Бахтияров.

"Нұр - Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті өкілдерінің айтуынша, оқу

орнында студенттер тиісті білім алады. Университетте қазақстандық ғалымдардан

басқа Каирдегі Әл-Азхар көне ислам рухани университетінің 18 Исламтану докторы

сабақ береді.

Университетте оқуды аяқтағаннан кейін түлектер ШҚО аумағында мамандығы

бойынша жұмыс істейтін болады.

Басқарма тұрақты негізде отандық теологиялық оқу орындарын танымал етуге

бағытталған іс-шаралар жүргізеді. Біз облыс мектептерінің 11-сынып түлектерін

білім беру гранттарын алу конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз", - деп

хабарлайды басқармада.

"Біз жастарды дінге дұрыс бағдарлануға үйретеміз. Университетте исламтану,

теология және дінтану, араб және ағылшын тілдерін оқыту кафедралары бар. Бұдан

басқа, студенттер Ислам Заңтану, құқық бойынша білім алады, заңды білгірлікке ие

болады. Оқуды аяқтағаннан кейін біздің барлық түлектеріміз жұмыспен қамтамасыз

етіледі. Әр облыстан 15 адамға дейін оқытамыз. Үш жыл бойы түлек осы бағытта

теолог, имам болып жұмыс істеуі керек, яғни тәрбие-насихат жұмыстарын жүргізуі

керек немесе магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруы керек. Мысалы,

дінтану пәндері бар, бірақ кәсіби кадрлары жоқ университеттер бар", - деп атап өтті

ислам ғылымдарының докторы, "Нұр - Мүбарак" Египет ислам мәдениеті

университетінің аға оқытушысы Серік Тәжібаев.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, халықтың діни сауаттылығына ерекше көңіл

бөлінеді, осыған байланысты университетке мемлекет тарапынан қолдау

көрсетіледі.

"Мемлекет бізге 700 орындық жатақхана салды. Асхана, кітапхана, бәрі бар.

Бакалавриат студенттері үшін Стипендия 20 мың теңгеден жоғары, магистранттар

үшін 33 мың, болашақ дәрігерлер үшін - 80 мың теңгеден жоғары.

Қазіргі уақытта үш жүзден астам студент мемлекет есебінен тегін білім алуда.

Сондай - ақ бізде дайындық курстары, тегін тілдік курстар бар", - деп түйіндеді

Серік Таджибаев.