Шығыс Қазақстан облысы Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы

Шығыс Қазақстан облысы  Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысы

2022 жылғы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстағы барлық діни конфессия өкілдері, ШҚО дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жиынды Діни бірлестіктер басшылары клубының төрағасы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы - Н.Құнанбаев ашты.

Күн тәртібінде діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың, атап айтқанда, діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды заңсыз таратудың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу нәтижесінде жоғарыда аталған мәселелер бойынша ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық үшін бірқатар ұсынымдар қабылданды, бұл діни конфессия өкілдерінің өңірде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.