Жұмыс тобының «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың нәтижелерін талқылауы

Жұмыс тобының «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың нәтижелерін талқылауы

2022 жылдың 23 маусымында ТБН-4 жоспарын іске асыру шеңберінде,  2021 жылғы және 2022 жылдың 4 ай кезеңіндегі «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың нәтижелері талқыланды. Талқылауға Басқарманың жұмыс тобы және «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің жобалар координаторы – Омарова А.О., «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Кустубаева Р.И., «ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-нің  бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру-кадрлармен қамтамассыз ету және персоналды басқару бөлімінің бас маманы –Алимбекова А.С. қатысты.

Жұмыс тобының хаттамалық талқылауының барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері негізінде анықталған сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарын істеуге түрткі болатын себептер мен жағдайларды жою бойынша сұрақтары қарастырылды.

Талдау қорытындысы негізінде басқарма қызметкерлеріне басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың аналитикалық анықтамасына сәйкес ұсынылған ұсынытарды орындау тапсырылды.