ШҚО діни бірлестіктерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

ШҚО діни бірлестіктерінің басшылары  сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2022 жылғы 22 маусымда «Спасение» інжілдік мәсіхші баптистердін шіркеуінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттарын нығайту, діни конфессиялар өкілдерінің хабардарлығын арттыру мақсатында ШҚО діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстың барлық діни конфессияларының өкілдері және ШҚО дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.

Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Асқар Исабаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу, оны барынша азайтуға және жоюға бағытталған шараларды қатаңдату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру әңгімесін өткізді. Сондай-ақ, ол діни бірлестіктер басшыларын діни қызметтер мен іс-шараларды өткізу кезінде келушілерге  парақорлыққа тыйым салынғандығын, бұл сенуші адам үшін күнәкар жол және сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық дамуға қалай теріс әсер етуі туралы түсіндіруге шақырды.

Сонымен қатар, ол жастар қоғам өміріне ерікті түрде қатыса бастаған сайын, қоғам құндылықтар негізінде бірігетін болады, олардың ішінде ең бастысы барлық адамдарға құрмет, жауапкершілік, парасаттылық пен адалдық, ынтымақтастық пен патриотизм болуы тиіс екендігіне баса назар аудара отырып, жас ұрпаққа ерекше назар аударудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша діни конфессия өкілдері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуға дайын екендіктері туралы пікір алмасты.