Дін саласындағы заңнамаға қатысты

Дін саласындағы заңнамаға қатысты

Дін саласындағы заңнаманы жетілдіру және оңайлату шеңберінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына жекелеген «нақты» өзгерістер енгізу ұсынылды.

Бастамалардағы мәселелер әр түрлі іс-шараларда діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылармен талқыланып, басым көпшілігінен қолдау тапты.

Ерекше атап өтетін жәйт, Президентіміздің «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығының ережелерін іске асыру жоспарында діни бірлестіктерді тіркеу тәртібі мен құруды жеңілдету және конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасау бойынша түзетулер енгізу көзделген еді.

Осы орайда, мынадай түзетулер енгізілді.

Біріншіден, заңнамада «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» термині пайдаланылады, алайда терминнің мазмұны ашылмаған.

Осыған орай «Діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» деген келесі ұғымды енгізілді – бұл кез келген материалдық жеткізгіштегі діни сипаттағы баспа, электрондық және өзге де ақпарат.»

Екіншіден, ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге рұқсат беру сипатынан хабарлама сипатына өту енгізілді.

Үшіншіден, дінтану сараптамасын жүргізуге саясаттанушыларды, психологтарды, әлеуметтанушыларды және т.б. мамандарды тарту енгізілді. Қазіргі уақытта тек теологтар мен дінтанушылар ғана жүргізеді.

Төртіншіден, өңірлік діни бірлестіктерді тіркеу талаптарын жеңілдетілді. (бүгінгі таңда әр жергілікті діни бірлестіктен 250 азамат).

Аталған түзетулер дін саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша кезекті қадам болып табылады. Мемлекет азаматтардың ар-ождан бостандығы құқығын қамтамасыз етуге және діни бірлестіктердің жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға үлкен мән береді.