Дін саласындағы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді

Дін саласындағы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді

2021 жылдың 29 желтоқсан күні, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осы Заң шеңберінде дін саласындағы заңнаманы жетілдіруге және оңайлатуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Дін саласындағы заңнамаға енгізіліп отырған түзетулер діни бірлестіктерді тіркеу үшін сандық цензіні қысқарту бөлігінде, діни іс-шараларды өткізу, оларды өткізуге рұқсат беруден хабарлама сипатына көшу бөлігінде, дінтану сараптамасын жүргізуге психологтарды, әлеуметтанушыларды және басқа да мамандарды тарту мәселелерін оңайлатуға бағытталған, сондай-ақ түзетулер «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» терминін ашуды көздейді.