Мерекелік медальдарды тапсыру

Мерекелік медальдарды тапсыру

2021 жылғы 13 желтоқсанда ШҚО дін істері басқармасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай басқарма қызметкерлері-мемлекеттік қызмет ардагерлері С. Әубәкіров пен А. Тұрғанбаевқа «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдары табыс етілді.

Бұл медальдар олардың кәсіби қызметтегі еңбегін және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қосқан елеулі үлесін бейнелейді.