«Қазақстан халқының рухани келісімі - елдің өркендеуінің негізі»

«Қазақстан халқының рухани келісімі - елдің өркендеуінің негізі»

А.ж. 18 қазанында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әкімшілік корпусында ШҚО дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Рухани келісім күнін мерекелеуге арналған «Қазақстан халқының рухани келісімі - елдің өркендеуінің негізі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Іс-шара ШҚО әкімінің орынбасары А. Мұхамедчиновтың төрағалығымен ШҚО дін істері басқармасының басшысы Н.Құнанбаевтың және де облыстағы діни бірлестіктер басшыларының қатысуымен өтті.

Отырысты ШҚО әкімінің орынбасары А.Мұхамедчинов ашып, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің маңызды жетістіктері бейбітшілік пен келісім екенін атап өтті.

Негізгі баяндаманы философия ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры В.М. Шелепов., әрі қарай діни бірлестіктердің басшылары жасады.

Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы конфессияаралық келісімді, діни төзімділікті нығайтуға және адамгершілік құндылықтарды дарытуға қосқан үлесі үшін облыстағы діни бірлестіктер басшыларына грамоталар тапсырды, сондай-ақ барлық қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтап, денсаулық, бейбітшілік, келісім және жақсылық тіледі.