Мемлекеттік қызмет ардагерімен кездесу өтті

Мемлекеттік қызмет ардагерімен кездесу өтті

16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында 40 жылдан аса мемлекеттік органдарда қызмет еткен, 2013-2016 жылдары ұжымды басқарған, еңбек ардагері Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджановпен кездесу өтті.
Бас қосуға жиналған ұжым қызметкерлері, оның ішінде жас мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, мемлекеттік қызметтің қалыптасуы, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігімен, өз ісіне деген қалтқысыз қызметі туралы айтқан М. Мұхамеджановтың әңгімесін тыңдап, ойларымен бөлісті.