Діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті

Діни бірлестіктер басшылары  клубының кезекті отырысы өтті

2021 жылғы 8 қыркүйекте ШҚО дін істері басқармасының басшысы Н.Құнанбаевтың төрағалығымен облыстағы діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті, отырысқа облыстағы 12 конфессияның басшылары қатысты.

Бас қосуда «Халық бірлігі және  жүйелі реформалар – ел өркедеуінің берік негізі» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, межэтникалық қатынастар, аймақтағы діни ахуалдың жағдайы, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы,  COVID-19 пандемия жағдайында діни жораларды, рәсімдерді өткізу және де  вакцина алу мәселелері қаралды.

Клуб мүшелері талқылаған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылдады.