Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шығыс Қазақстан облысында

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы  Шығыс Қазақстан облысында

2021 жылғы 8-9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары халықтың дінтану сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.

РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар – К.Тышхан., И.Т.Бердалиев., Е.Б.Қанапиянов., К.М.Мутебаев тартылды. Сондай-ақ өкізілген жұмысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі С.Қ. Қизатов қатысты.

РАТТ мүшелері Өскемен қаласының ЖОО-да, ОАОО-да оқитын студенттермен, ШҚО полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, Семей қ. Семей әскери гарнизонының әскери қызметшілерімен, Аягөз локомотив депосының ұжымымен және т.б. кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 450-ге жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарына сай қадағаланып жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында азаматтар Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Бұл жобаның мақсаты діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау болып табылады.

Сонымен қатар, діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.