ШҚО дін істері басқармасының басшысы жұмыс сапарымен Жарма ауданына келді

ШҚО дін істері басқармасының басшысы жұмыс сапарымен Жарма ауданына келді

Бүгін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Нұржан Есенгелдіұлы Құнанбаев Жарма ауданына келді. Сапар барысында басқарма басшысы аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевпен және ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Матановпен кездесіп, дін саласы бойынша бірқатар мәселелерді пысықтады. Атап айтқанда, тәуекел тобындағылармен жұмыс бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының қызметі сараланды, жекелей жұмыс жүргізу қажеттігіне баса назар аударылды.