ШҚО дін істері басқармасы IT семинар-тренинг өткізді

ШҚО дін істері басқармасы IT семинар-тренинг өткізді

2020 жылдың 20-шы қазанында дін істері басқармасы облыстың қалалары мен аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің басшыларына, мамандарына, ҚАЖД теологиялық қызметінің мамандарына, ҚМДБ имамдарына арналған "Дін саласындағы ақпараттық – түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері" тақырыбында IT семинар-тренинг өткізді.
Семинардың басты мақсаты дін саласындағы мамандарды деструктивті діни идеялогия ықпалына ұшыраған мән-жайларға байланысты, халық арасындағы нысаналы топтарымен атаулы жұмыс істеу дағдыларына үйрету, сондай-ақ коронавирустық пандемияның таралуына байланысты карантиндік шаралар жағдайында онлайн және оффлайн режимдерде жұмыс істеу нысандары мен әдістерімен таныстыру болды.
Осыған орай, Республикалық деңгейдегі теологтар – Шыңғожаев Рауан Жұмабайұлы және Исахан Мұхан Баймұратұлы, сондай-ақ "ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы" ЖШС мамандары семинарға қатысушыларды халықтың мәселе ортасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен, сондай-ақ қашықтықтан жұмыс істеу нысандары мен әдістерімен таныстырды.
Аталған семинар-тренинг діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін дін саласындағы мамандарға маңызды болып табылады.