Өскемен қаласында Евангелиялық христиан баптистерінің «Спасение» шіркеуі өзінің негізі қаланғанына 120 жыл толуын атап өтті

Өскемен қаласында Евангелиялық христиан баптистерінің «Спасение» шіркеуі өзінің негізі қаланғанына 120 жыл толуын атап өтті

Шараға Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген басқарма басшысы діни бірлестіктердің рухани құндылықтарды дамыту және қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту ісіне қосып келе жатқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында діни бірлестік өкілдері аталған шіркеу тарихына арналған естелік кітапты тарту етті.