С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «дінтану–философия» мамандығы бойынша 2–3 курс студенттері өндірістік тәжірибе аясында синагогаға барып, ШҚО еврей қауымдастығының діни бірлестігінің жетекшісі, раввин Ассаф Файнштейнмен кездесті.
Раввин студенттерге иудаизмнің негізгі ұстанымдары, дәстүрлері және рухани құндылықтары жайлы айтып берді. Ашық диалог форматында өткен кездесуде болашақ дінтанушылар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.