Шығыс Қазақстан облысында басқарма басшысының орынбасары Мәдина Мырзабекованың төрағалығымен денсаулық сақтау басқармасының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары мен фтизиатр дәрігерлер қатысты.
Күн тәртібінде 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру қорытындылары тұрды. Отырыста ұсынылған деректер бойынша, өңірде туберкулезбен сырқаттанушылық ағымдағы жылдың алғашқы үш айында 8,0% -ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 9,1 құрады (66 жағдай), ал 2024 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 9,9 құрады (72 жағдай). Салыстыру үшін, Қазақстан Республикасы бойынша орташа көрсеткіш 5,5 мың адамға шаққанда 100 құрайды.
Әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бойынша сырқаттанушылық құрылымында жұмыссыздар айтарлықтай үлесті - 40,9% құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеу болып табылады (52,7%). Сондай-ақ зейнеткерлер мен оқушылар арасында өсу байқалады.
Қатер факторлары өзекті болып қалуда: науқастардың арасында ілеспе аурулармен - қант диабеті және АИТВ-инфекциясымен ауыратын жағдайлар тіркелген.
Тұтастай алғанда, туберкулезбен сырқаттанудың ең жоғары деңгейі еңбекке қабілетті жастағы барлық жаңа жағдайлардың 54,5% -ы арасында байқалады.
Отырыста аурушаңдық деңгейін төмендету және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар талқыланды, сондай-ақ одан арғы жұмыс жоспарлары белгіленді.