Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына кіру кезеңінің өтуімен танысты.
Басқарма өкілі сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңызды факторы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастарды тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісімен қоғамда нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды атап өтті.
Сонымен қатар, қызметкерлерге дайындалып жатқан және жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлағаны үшін реттелетін ынталандыру жүйесін қолданыстағы заңнама нормаларымен таныстырылды, сондай-ақ азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «1424 Call-орталығы» қызметі туралы хабардар етілді.