ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ВЯЧЕСЛАВ ДУДНИК ШҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ ТЫНЫС АЛУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ВЯЧЕСЛАВ ДУДНИК ШҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ ТЫНЫС АЛУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник жұмыс сапарымен Өскеменге келді. Ол облыс орталығындағы тыныс алу орталығында болып, аталған медициналық мекемеде халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету барысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл орталық тұрғындарға негізінен ковид ауруханасы ретінде белгілі. Короновирустың өршуі кезінде бұл ғимарат қысқа мерзімде 150 төсектік пульмонологиялық бөлімше болып жаңғыртылды, онда әрбір палата орталықтандырылған оттегіге қосулы тұрды, жылжымалы рентген аппараттары мен КТ орнатылған заманауи диагностикалық блогы, зерттеулердің кең спектрі бар өзінің зертханалық қызметі болды.

Сапар барысында вице-министрге тыныс алу орталығының ағымдағы қызметі туралы толық ақпарат берілді.
Өскемен қаласының №4 ауруханасының бас дәрігері Сергей Поповтың айтуынша, қазіргі уақытта тыныс алу орталығында терапия және пульмонологиялық бөлімше жұмыс істейді. Терапия бөлімшесінің құрамында аллергология, ревматология, паллиативтік көмек бөлімшелері бар. Аймақтың созылмалы обструктивті өкпе ауруы, бронх демікпесі және тыныс алу жүйесінің басқа аурулары бар ересек тұрғындары осы жерде қажетті мамандандырылған медициналық көмек алады.

-Тыныс алу орталығындағы орындардың 40 пайызы бос емес және халықтың осы көмек түрлеріне қажеттілігі бар екенін көреміз, — деп қосты Сергей Попов.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник өз кезегінде, Өскеменде өнеркәсіп кәсіпорындарының шоғырлануын ескере отырып, төсек қорын ұлғайту және тыныс алу орталығын қосымша қаржыландыру мәселелерін қарастыру қажеттігін атап өтті.
Вячеслав Дудник облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына бронх-өкпе аурулары бар пациенттерді одан әрі емдеуді № 4 қалалық ауруханасының құрамында шоғырландыруды немесе дербес медициналық мекеме ретінде қарауды тапсырды.

Бұдан кейін Вячеслав Дудник орталық дәрігерлерімен кездесіп, жұмыс барысын талқылады, оларға қызметтері үшін алғысын білдірді және табыс тіледі.