Шетелдіктердің сұранысқа ие кәсіптер тізбесі шеңберінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндіктері

Шетелдіктердің сұранысқа ие кәсіптер тізбесі шеңберінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндіктері

Адами әлеуетті дамыту үшін және неғұрлым сұранысқа ие және жоғары білікті кадрлардың тапшылығын азайту мақсатында Мемлекет басшысы
2022 жылғы 1 қыркүйектегі ел халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында елге талантты шетелдік мамандарды тартудың маңыздылығы туралы атап өтті.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың ақпан айында «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық қабылдады (2023 жылғы 20 ақпандағы №49).

Осы бұйрықта уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша қалыптастырылған сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі қамтылады.

Атап айтқанда, тізім келесі салаларды қамтиды:

- денсаулық сақтау: дәрігер-нейрохирург, дәрігер-гематолог, дәрігер-онколог, дәрігер-неонатолог, дәрігер-эндокринолог;

- жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші, органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші, фармация инженер-технологы, пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші, авиациялық инженер, ғарыш жүйесін аппараттық-бағдарламалық қамсыздандыру жөніндегі инженері, жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер, лазерлік жабдық жөніндегі инженер, целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші, инженер-медициналық радиохимик, инженер-медициналық физик, тоқыма шикізатының классификаторы, бактериолог;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: АТ инфрақұрылымының архитекторы, бағдарламалық қамсыздандыру архитекторы;

- педагогикалық ғылымдар: өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс).

Шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде іске асырылады (ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығы).

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі бойынша талаптардың бірі салалық мемлекеттік органның өтінішхаты болып табылады.

Өтінішхатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қызметтер сыныптаушының тобы және оның талаптарына сәйкестігі (кәсіп, дағдылардың деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандандыру бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) көрсетіледі.

Бұдан басқа ақпарат тәртібімен шетелдіктер ҚР Президентінің           2005 жылғы 6 маусымдағы №1587 Жарлығымен бекітілген кәсіптер тізбесінде көзделген кәсіпті иеленген кезде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алатынын хабарлаймыз.