Шығыс Қазақстан облысының аудандарынығ медициналық ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және мамандарды тарту – денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Дәрігер неонатолог Адиля Битемірованың жұмысқа кіріскеніне бірнеше күн ғана болды. Ол аудандық аурухананың бас дәрігерінің шақыруымен Семей қаласының медициналық университетінің қабырғасында өткен көктемгі жәрмеңке кезінде шақырту алған.
Аудандық аурухананың неонатолог дәрігері жас кадрлардың ауылға баруға құлықсыз болуының бір себебі – оқуын тәмәмдағандардың көбі өсемін деген үмітпен қалалық емханаларда қалып қояды деп бөліседі. Бірақ ауыл медицинасы беретін баға жетпес тәжірибе, оның пікірінше, басқа жерден ала алмайсыз.
Акушер-гинеколог та өткен жылдың тамыз айынан беріаудандық ауруханада болмаған, сәті түсіп дәрігер Ажар Сейітқазина маусым айында өз міндетіне кіріскен болатын.
Жаңа дәрігерлерде жұмыс істеуге қажеттінің бәрі бар. Жуырда Шемонаиха аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде жаңа жабдық – акушерлік және гинекологиялық тексеруге арналған сараптамалық класты УДЗ аппараты мен жаңа туған нәрестелерге арналған CPAP аппараты пайда болды.
CPAP – баланың тыныс алу ырғағына сезімтал компрессор және олардың өткізгіштігін жақсарту мақсатында тыныс жолдарындағы қысымды жоғарылату үшін қосымша ауа береді, табиғи тыныстағы ауа ағынына кедергіні жеңуге көмектеседі.
Аудандық аурухана басшылығы мамандарға үлкен үміт артып отыр.
«Жақында аудандық ауруханаға бірнеше жас дәрігерлер, оның ішінде тар бейінді мамандар келді. Бұл – Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудандық аурухана басшылығының жас мамандарды тарту жолындағы салиқалы да мақсатты жұмысының нәтижесі. Сондықтан сирек кездесетін екі мамандық өкілдерінің ауданымызға бірден қоныстанғаны бізді қатты қуантады. Жас кадрларымызға аудан әкімшілігі тарапынан толыққанды әлеуметтік қолдау көрсетілуде – бұл көтерме ақы және баспана», – дейді бас дәрігер Бақыт Таймасова.