Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 1/183 хаттамалық шешімі

Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 1/183 хаттамалық шешімі

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы №8 хаттамасына сәйкес, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) Шығыс Қазақстан облысы аумағында одан әрі таралуының алдын-алу мақсатында облыстық  төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабы келесі шешімдерді қабылдады:

  1. Аудандар, Риддер, Курчатов қалалары әкімдері мүдделі мемлекеттік органдармен, ШҚО полиция департаментімен бірлесіп:

1.1. барлық аудан орталықтарында және Риддер, Курчатов қалаларында 2020 жылғы 15 сәуірдің сағат 00.00-нен бастап Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай мерзімі аяқталғанға дейін шектеу шараларын енгізсін. Шектеу шараларының режимі мен мерзімдері коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

1.2. тұрғындардың кіру және шығуын бақылау мақсатында, аудан орталықтары және Риддер, Курчатов қалаларының периметрі бойынша 2020 жылғы 15 сәуірге дейін бақылау-өткізу пунктерін қойсын.  

1.3. автомобиль көлігінің қозғалысына келесідей шектеу  белгіленсін:

  • қызметтік және қоғамдық көліктер, арнайы рұқсаттамасы бар жеке көліктерден басқа жеке көлік қозғалысы күндіз шектеліп, түнде тоқтатылсын. Түнгі уақыттағы көлік қозғалысының тоқтатылуы 2020 жылғы 15 сәуірдің сағат 00.00-нен бастап сағат 21.00-ден 05.00-ге дейін есептелсін;
  • азаматтардың жеке автокөлікпен жүріп-тұруы мемлекеттік нөмірлік белгіге «нөмірдің соңғы жұп, тақ саны» қағидаты бойынша байланыстыра отырып ұйымдастырылсын. Айдың жұп күндерінде жұп санға аяқталатын және айдың тақ күндері – тақ санға аяқталатын нөмірлері бар автомобильдерге жүруге рұқсат етілсін;
  • сенбі және жексенбі күндері және мейрам күндері қызметтік және қоғамдық көліктер, арнайы рұқсаттамасы бар жеке көліктерден басқа жеке көлік қозғалысына тыйым салынсын;

4) ШҚО полиция департаментімен бірлесіп, Алтай, Аягөз, Зайсан қалаларында, Үржар ауданы орталығында елді мекен аумағының секторларға бөлінуін қамтамасыз етсін – 2020 жылғы 15 сәуірге дейін.

1.4. Аудан орталықтары мен Курчатов қаласында сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, сағат 18.00-ден 21.00-ге дейін, Риддер қаласында сағат 05.00-ден 09.00-ге дейін, 17.00-ден 20.00-ге дейін тұрғындарға арнайы рұқсаттамасыз жүруге (жұмысқа, жұмыстан) рұқсат етілсін. Тұрғындардың сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүріп-тұруына (дүкендер, дәріханалар, банктер, пошталар) әлеуметтік төлем (42 500 теңге) және өзге де әлеуметтік жәрдемақы алушыларды қоспағанда, II үлгідегі рұқсаттамалары болған жағдайда ғана рұқсат етілсін – 2020 жылғы 15 сәуірдің сағат 00.00-нен бастап. Арнайы рұқсаттама жеке куәлік болған жағдайда ғана жарамды.

Ескертпе:

II типтегі арнайы рұқсаттама тұрғындардың аудан орталығы/қала аумағы бойынша қозғалуына арналған. Бір пәтерге/үйге 1 рұқсаттама беріледі. Рұқсаттаманы ұстаушы сауда объектілеріне, дәріханаларға бару, сатып алу, банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Үйлердің жұп-тақ болуы қағидаты бойынша қозғалыс схемасы әрекет етеді (ақ түсті рұқсаттама айдың тақ күндері, жасыл түсті рұқсаттама – жұп күндері сауда жасау үшін үйден шығу құқығын береді).

1.5. аудан орталықтарында және Риддер, Курчатов қалаларының тұрғындарына рұқсаттама беруді қамтамасыз етсін – 2020 жылғы 14 сәуір.

1.6. 2020 жылғы 15 сәуірдің сағат 00.00-нен бастап  шектеу шаралары енгізілетіні жөнінде кең түсіндіру жұмыстарын жүргізсін – 2020 жылғы 12-14 сәуір аралығы.

1.7. ел және облыс экономикасына үздіксіз өндіріс циклінде жұмыс істейтін аудандар мен Риддер, Курчатов қалаларының ірі кәсіпорындарымен бірлесіп:

1) қызметкерлерді жұмысқа жеткізу үшін қызметтік автокөліктің (автобустардың) қажетті санын анықтасын. Қызметкерлердің тұратын жерін ескере отырып, әрбір автобус бойынша жауапты тұлғаларды тағайындай отырып, бағыттар кестесін және бекітілген бағыт бойынша қозғалатын адамдардың тізімін әзірлесін және бекітсін  – 2020 жылғы 19 сәуірге дейін.

2) аталған көлік үшін арнайы рұқсаттама алу үшін автобустардың тізімдері мен бағыттарын ұсынсын – 2020 жылғы 19 сәуірге дейін.

3) бағыттан ауытқуға жол берілмесін. 

4) көлік құралы бойынша жауапты тұлғалар бекітілген тізім бойынша қызметкерлерге тексеру жүргізсін.

1.8. ұсынылған өтінімдер негізінде тауар өндірушілер, дистрибьюторлар, көтерме жеткізушілер азық-түлік өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сауда объектілеріне үздіксіз және уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуі міндеттелсін.  

1.9. аудан орталықтары мен Риддер, Курчатов қалалары тұрғындарының тәулік сайынғы тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер, тіршілікті қамтамасыз ету заттары және бірінші қажеттіліктегі тауарларға қажеттіліктерін қамтамасыз етсін.

1.10. аудан орталықтарында және Риддер, Курчатов қалаларында тұратын 70 жастан асқан зейнеткерлерге, 1, 2 топтағы мүгедектерге азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарларды және дәрі-дәрмектерді «стандарт 1», «стандарт 2», «стандарт 3», «стандарт 4» төрт жиынтықтары бойынша  жеткізу жұмысын қамтамасыз етсін.

1.11. халықтың осал топтарына және 70 жастан асқан зейнеткерлерге азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу үшін волонтерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді бекітсін.

1.12. аса маңызды мемлекеттік объектілерді, стратегиялық, ерекше режимді, режимдік, ерекше қорғалатын және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерді күзету күшейтілсін.

1.13. қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы іс-қимыл және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс күшейтілсін.

1.14. полиция органдарының қызметкерлері қарулы күштер қызметкерлерімен бірлесіп, үш ауысымдық режимде 8 сағаттан қызмет атқарады.

1.15. облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулауды қамтамасыз ету және оны тарату бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында шектеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында идеологиялық ақпараттандыру жүргізсін. Адам мен азаматты, қоғам мен мемлекетті қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығы ашып көрсетілсін.

1.16. Аудандар мен Риддер, Курчатов қалаларында коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды бақылауға алсын. 

Өскемен, Семей қалаларының әкімдері ШҚО полиция департаментімен бірлесіп, температурасы жоғары адамдарды анықтау үшін халықтың термометриясын жүргізуді қамтамасыз етсін – 2020 жылғы           13 сәуірдің сағат 07.00-нен бастап.

Аудандар мен Риддер, Курчатов қалаларының әкімдері ШҚО полиция департаментімен бірлесіп, температурасы жоғары адамдарды анықтау үшін халықтың термометриясын жүргізуді қамтамасыз етсін – 2020 жылғы 20 сәуірдің сағат 07.00-нен бастап 21.00-ге дейін.

Ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Риддер, Курчатов қалаларының әкімдіктері ШҚО полиция департаментімен бірлесіп,  шектеу режимін бұзушылар және термометрия жүргізу туралы БАҚ-қа тарату үшін сюжет түсірілімдерін жасауды қамтамасыз етсін.

Облыс әкімі  Д. Ахметов