Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарландыру.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында 2022 жылға арналған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемдерін орналастыру рәсімін жүргізеді. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде 2022 жылға жоспарланған көрсетілетін қызметтер көлеміне өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 14 желтоқсан сағат 09-00 дейін ұзартылған. Денсаулық сақтау субъектілері жоспарланып отырған көлемдерге өтінімді денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында https://fms.ecc.kz/ сілтеме бойынша бере алады.