Пандемия басталғаннан бері облыс бойынша КВИ 47 705 жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 433 (78%) клиникалық белгілері бар, 10 272 (22%) симптомсыз. Тәулігіне өсу қарқыны 0,2% құрайды. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 3500,0 (республикалық 5025,2) құрады.
31.10.2021 ж. тәулікте КВИ 95 жағдайы тіркелді, оның ішінде 85 (89%) симптомдық және 10 (11%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар.
Бүгінгі күні облыс бойынша 3519 инфекциялық төсек-орын, оның ішінде 364 реанимациялық төсек-орын және 490 карантиндік төсек-орын жұмыс істеуде. Төсектердің жалпы жұмыспен қамтылу пайызы 18% - ды құрайды.
Инфекциялық стационарларға 720 пациент (20,5%) жатқызылды, оның ішінде жансақтау бөлімінде 72 науқас (21,4%), карантиндік төсектерде – 5 (1,0%).