Қазақстан Республикасының аумағында жыл сайын тіркелу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында басталады.
Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымдарына бекітілген жеке тұлғалар МӘМС қорымен медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап осы ұйымда МСАК алады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың МСАК ұйымдарына тіркелуі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көмек алу құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
МСАК ұйымдарына Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктерді және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеген адамдарды мынадай құжаттармен бекітеді:
Ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) шеңберінде МСАК;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы №ҚР ДСМ-121/2020 "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмек көлемін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21407 болып тіркелген)бекітілген тізбе бойынша және көлемде ТМККК шеңберінде;
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек.
Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін электрондық үкімет порталында (бұдан әрі-ЭҮП) "МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызметі іске асырылды.
МСАК ұйымы пациентке Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше жүгінген кезде немесе ЭҮП арқылы ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"МСАК көрсететін медициналық ұйымға тіркеу" тікелей жүгінген кезде (қағаз түрінде) өтінімді ресімдеуді ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда адамдардың мынадай санаттары бере алады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектер;
3) заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қорғаншылар (осы санаттағы жеке тұлғалар кәмелетке толған болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастыратын басқа да адамдар (заңды өкілдер);
4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);
5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитындар;
6) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
8) бөбектер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;
9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндердің құқығы бар.
10) шарт болған кезде ЕМС шарты бойынша бекітуді ресімдейтіндер.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарды бекіту жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, оларға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына қызмет көрсету аймақтары бекітілген МСАК ұйымдарының тізімі бар денсаулық сақтау басқармаларының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжат болмаған кезде тіркеу куәлігінің (ЖСН) көшірмесін қоса беру қажет.
МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары "бекітілген халық тіркелімі"медициналық ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін).
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке МСАК ұйымының ЭЦҚ-сы қойылған "жеке кабинетке" тіркелгені туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту келіп түседі.
Мемлекеттік қызмет ЭҮП арқылы порталға жүгінген күні көрсетіледі.