Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесінің шаруашылық жүргізу құқығымен...

Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесінің шаруашылық жүргізу құқығымен...

Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесінің шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы орган қызметін дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалық атқарушы органның басшысының лауазымының бас орнына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурсы

 

Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 29 наурыздағы №158 бұйрығымен бекітілген, «Семей қ. жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығымен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі ШҚО ДСБ «Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК-нің бас дәрігері лауазымының бос орнына конкурс жариялайды. Конкурс 2021 жылғы 14 мамырда мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Орманды көшесі, 32/1 (тел.: 87222514554, 87222516719), электронды почтосы: 103.semey@med.mail.kz  

Кәсіпорынның негізгі қызметі ересек және бала тұрғындарға жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тартумен, көрсету.

Басшының негізгі лауазымдық міндеті: медициналық кәсіпорынның қызметін басқару, емдеу-алдын алу, әкімшілік-шаруашылық қызметке, қаржылық қызметке жауап беру.

ШҚО ДСБ «Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК-нің бас дәрігері лауазымының бос орнына іріктелетін үміткерлерге қойылатын талаптарға «Денсаулық сақтау» даярлығы бойынша жоғары білімінің болуы, «Денсаулық сақтау менеджменті», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша сертификациялық курс (қайта даярлық) туралы куәлігінің, тиісті мамандығы бойынша біліктілік тағайындау туралы куәлігінің, сонымен қатар келесі талаптарыдың бірі болуы қажет:

  • Денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымда кемінде екі жыл жұмыс тәжирибесінің болуы;

Лауазымның бос орнына үміткер ретінде келесі тұлғaлap сайланбайды:

1) өтелмеген немесе aлынбaғaн соттылығы бар болғанда;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылығы болғанда;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғaлapдың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында. Байқауға қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру берілгеннен кейін анықталады. Байқауға қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

 Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғa (apы қарай - үміткер) комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде)
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі
  • Еркін түрде жазылған өмірбаян;
  • Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан қабылдау немесе еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттамасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 Бұйрығымен бекітілген 086/у нысаны бойынша денсаулығының жай-күйі туралы анықтама
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен берілген соттылық және жемқорлық құқықбұзушылықтардың жоқтығын куәландыратын құжаттар.

Байқауға қатысуға ниет білдірген адамдар байқау жариялаған кәсіпорынға құжаттарын электронды түрде, хабарландыруда көрсетілген электронды почтаға, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.

Байқауға қатысушы өзінің білімі, жұмыс өтілі, кәсіби даярығының деңгейі туралы қосымша ақпарат ұсына алады.