Хабарландыру!

Хабарландыру!

ШҚО әкімдігі ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы" ШЖҚ КМК Байқау кеңесі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес ШҚО әкімдігі ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігерінің бос лауазымына конкурс жариялайды.

       Конкурстың өтетін орны: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26.

       Конкурсты өткізу күні: 2020 жылғы 11 желтоқсан.

«Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Өскемен қаласы, Әуезов даңғ., 26,  8-7232-25-60-34, vko_ob@mail.ru 

Кәсіпорынның негізгі қызметі: лицензия негізінде медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсету болып табылады.

Кәсіпорынның бас дәрігерінің негізгі лауазымдық міндеттері: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамасының 1-бөлімінің 1-параграфының 1-кіші бөліміне сәйкес.

Конкурсқа  қатысушыларға қойылатын талаптар: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген
1-бөлімнің 1-параграфының 1-кіші бөліміне және ҚР Еңбек кодексінің
26-бабына сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес.

          Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттар пакетін ұсынады:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2020 жылғы 26 қараша.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2020 жылғы 11 желтоқсан.