ШҚО-да 104 мейіргер СЖЖ және атеросклероз бойынша оқытудан өтті: госпитализацияны төмендетуге басымдық

ШҚО-да 104 мейіргер СЖЖ және атеросклероз бойынша оқытудан өтті: госпитализацияны төмендетуге басымдық

2026 жылғы 09 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының облыстық ауруханасының Диагностикалық орталығы базасында
«Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және атеросклероз» тақырыбында көшпелі мейіргерлік мектеп өтті.
Оқыту іс-шарасы ШҚО ДСБ бас кардиологының бастамасымен, мейіргер ісінің үйлестірушісімен бірлесіп, Корпоративтік қор «University Medical Center» лекторларының қатысуымен, 2024–2026 жылдарға арналған қан айналымы жүйесі аурулары бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Оқытуға өңірдің медициналық ұйымдарынан 104 мейіргер қатысып, алғашқы медициналық-санитариялық көмектен бастап стационарлық деңгейге дейін толық қамтылды. Бұл өз кезегінде пациенттерді жүргізуде деңгейлер арасындағы сабақтастықты күшейтуге мүмкіндік берді.
ШҚО ДСБ бас кардиологы Абакашева Дария Орынбаевна атап өткендей, мейіргерлік әлеуетті дамыту медициналық көмектің тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады:
«Осындай оқыту іс-шаралары пациенттерді жүргізудің заманауи тәсілдерін енгізуге, медициналық көмектің деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге және нәтижесінде қайта госпитализация жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді».
Өз кезегінде, ШҚО ДСБ мейіргер ісінің үйлестірушісі Абильмажинова Жанар Есенгельдиевна мейіргердің рөлін ерекше атап өтті:
«Қазіргі мейіргер созылмалы аурулары бар пациенттерді сүйемелдеуде маңызды рөл атқарады. Сестриндік персоналдың кәсіби құзыреттілігін арттыру күтім сапасын жақсартуға, профилактикалық жұмысты күшейтуге және пациенттердің емге тұрақты бейімділігін қалыптастыруға ықпал етеді».
Алынған білім мен тәжірибені практикаға енгізу мейіргерлік көмектің сапасын арттыруға, СЖЖ және атеросклерозы бар пациенттерді тиімді бақылауға, сондай-ақ қайта госпитализация деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.