«Әнуар Әлімжанов: шабыт қанатындағы қаламгер»

«Әнуар Әлімжанов: шабыт қанатындағы қаламгер»

16 мамыр күні А.С.Пушкин атындағы кітапханада көрнекті жазушы, публицист және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай облыстық байқаудың финалы өтті.
Бұл байқау жастарға Әнуар Әлімжановтың әдеби мұрасымен танысып қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі өнер түрлерінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге бірегей мүмкіндік болды.
Байқауға өңірдің 12 мектебінен оқушылар қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша бес мектеп екінші кезеңге өтті, олардың арасында - Средигорное орта мектебі мен Чиркаин негізгі мектебі, бірақ финалға тек үш мықты команда шықты:Гагарин орта мектебі, Гагарин ауылы; Р.Сәрсеков атындағы орта мектеп, Қасым Қайсенов атындағы кенті; № 45 орта мектеп, Өскемен қаласы.
Алдынғы екі кезеңде қатысушылар Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең білімдерін көрсетіп, мазмұнды эсселер мен зерттеу жобаларын ұсынды.
Ақтық сында жас білгірлер театрландырылған қойылымдарды көрсетумен жазушының шығармаларына дем берді.
Шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлделі орындарды былайша бөлді:
1 орын - ШҚО білім басқармасының Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Гагарин орта мектебі» КММ
2 орын - Білім бөлімінің «Р.МАРСЕКОВ атындағы орта мектебі» КММ
ШҚО білім басқармасының Ұлан ауданы бойынша
3 орын - ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№ 45 орта бейінді мектебі» КММ
Жеңімпаздар кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Командаларды дайындаған мұғалімдер мектеп оқушыларының Әнуар Әлімжановтың әдеби мұрасына деген қызығушылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар алды.