2025 жылдың 6 мамыры күні ШҚО музей-қорығының Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы көрме залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс қырлары» көркемсурет көрмесі ашылды. Экспозицияда белгілі суретшілердің, ШҚО Суретшілер одағының мүшелері Н.П. Аштеманың, Г.М. Бекбердинованың, сонымен қатар, «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігінің мүшелері, «Сурет» балалар бейнелеу өнері студиясының оқушылары мен жаңадан бастаған авторлардың жұмыстары жинақталған. Жеке топтамада музей-қорық қорынан алынған жұмыстар қойылған, бұл жұмыстарды 1980 жылдары КСРО Көркемөнер қоры берген. Көрмеде соғыс оқиғаларын, қазақстандықтардың майдандағы өмірі мен ерлігін бейнелейтін портреттер мен суреттер ұсынылған. Көрме өткенді естен шығармауға және өнер арқылы бейбітшілік пен патриотизм құндылықтарын жеткізуге арналған.