Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ШҚО музей-қорығында Қазақстанның Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Ұлы Жеңіс. Батырлар. Жады. Мұра» атты Орыс музейінің «Естелік» виртуалды турын пайдалана отырып, тарихи-көркем экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары ерлікпен шайқасып, Жеңіске үлес қосқан батырлар: Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, Л. Беда, Т. Бегелдинов, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Қ. Қайсенов және тағы да басқа батырлар туралы мағлұмат алды. Экскурсия соғыс жылдарындағы фотосуреттермен және кинохроникамен сүйемелденді. Сондай-ақ, музей-қорықтың қор топтамасынан алынған соғыс жылдарындағы жәдігерлер көрмесі ұсынылды.