«Жасыл кеңістік – болашаққа салынған жол» акция

«Жасыл кеңістік – болашаққа салынған жол» акция

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес апта көлемінде өтіп жатыр. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. 21-27 сәуір аралығында  «Жасыл аймақ» апталығы. 

Осыған орайда ағымдағы жылдың 24  сәуір күні   ШҚО мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  «Жасыл кеңістік – болашаққа салынған жол» акциясы  ұйымдастырылды.

Кітапхана ауласында шырша және өзге де көшет отырғызылды. Көшет отырғызу рәсіміне кітапханамыздың оқырмандары және табиғат жаңашырлары, кітапхана қызметкерлері қатысты.Шара кітапхана қабырғасында құрылған «Керім-ай» би тобының бүлдіршіндерінің биімен ашылып,  жас кітапханашылардың флешмобымен жалғасты.

«Жер ана» атты театрландырылған композициясы кітапхана аумағын абаттандыруға қатысушы оқырмандардың өз үлестерін қосуға ынталандырды. «Біз бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қатыстық. Егілген бұл ағаштар саялы баққа айналып, келешек ұрпаққа қызмет ететініне сенімдіміз» -деді белсенді кітапхана оқырманы Әли Ермекұлы.

Экологияға  байланысты тақырыптық кітап көрмеде табиғатты, оның байлығы мен алуан түрлілігін сақтаудың өмірлік қажеттілігі  айтылды. Онда иллюстрацияланған энциклопедиялар мен басқа да ғылыми-көпшілік басылымдар ұсынылды.Көгалдандыру акциясы «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты танымдық ойынмен аяқталды.