Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау және ынталандыру мақсатында «Тіл шебері-2025» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға аудандардан, қаладан жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Байқауға қатысушылар келесі кезеңдерден сайысқа түсті:
1) Бірінші кезең. «Сөзтаным» (қазақ тілі)– қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, мәтіннің ішінде 5 көнерген сөзді тауып, мағынасын қазақ тілінде айтуы керек;
2) Екінші кезең. «Елтаным» (орыс тілі)– қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, қазақ жері және оның аймақтары, ұлттық құндылықтары жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беруі керек;
3) Үшінші кезең. «Ойтаным» (ағылшын тілі) – экраннан ұлы тұлғалар, ұлттық аспаптар, ұлттық ойындар деген бөліктерге бөлінген ұяшықтарды таңдай отырып берілген сұрақтарға ағылшын тілінде толық әрі нақты жауап беру.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде - Жанибеков Мадияр Жанибекович Ұлан ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің бас маманы;
1 - орын Нұрлыбекұлы Жігер Самар ауылдық округінің бас маманы;
2- орын Оралбаев Ерболсын Серікұлы Алтай ауданы, Прибрежный кенті әкімдігінің бас маманы;
3 орынды - Оралбекова Ақмарал Оралбекқызы Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің іс қағаздарын жүргізушісі, Қорғау Айғаным Мұратбекқызы Тарғабатай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы иеленді.
Барлық жүлдегерлер дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.