«Bizdiң Өskemen Quiz - BOOKSTAR» облыстық зияткерлік жобасы

«Bizdiң Өskemen Quiz - BOOKSTAR» облыстық зияткерлік жобасы

«Ұлттық кітап күні» аясында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Bizdiң Өskemen Quiz - BOOKSTAR» зияткерлік ойыны өтті.

Шараның мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау.

Ойынға 17 команда қатысты. «Бұқар жырау», «EastiiIer», «Ахмет ізбасарлары»,  «Mucalimmen», «40 gazag», «Келісіп алайық», «NewTon», «Апыр-топыр», «Жұрттың баласы», «Tas-Talqan», «Good vibes», «Бажуха», «Ну, погоди», «Ұят болмасын» т.б.

Ойын 7 турдан тұрды және әр турда жеті, он екі сұрақ болды. Үш тур сайын үзіліс, аралық рейтинг шығарылды. Әдеттегідей қызықты сұрақтар, интелектуалды жарыс болды.

Ойын соңынан жеңімпаз командалар сертификат, сыйлықтармен марапатталды.