ШҚО музей-қорықтың мамандары ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіге қарсы бағыттағы және салауатты өмір салты айлығы аясында «Есірткіге жол жоқ» қалалық акциясын өткізді. Іс-шараға №47 орта мектеп кадет сыныбы мен қала тұрғындары қатысты. Балалар есірткінің өсіп келе жатқан ағзаға әсері, сондай-ақ, халық арасында есірткінің қазіргі заманғы таралуы туралы ақпаратты тыңдап, тақырыптық бейнеролик көрді және сұхбатқа қатысты. Содан кейін музей және полиция қызметкерлері мен оқушылары қалалық саябақтарды және Арбатты аралап тақырыптық буклеттер таратып, жастарды денсаулық үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.