Қала мектептерінің орта және жоғары сынып оқушылары «Экологиялық із және экологиялық ұқыптылық» тақырыбындағы талқылауға белсене қатысты. Риддер өңірінің экожүйесі мысалында олар экологиялық із жеке адам, қала, ел немесе ғаламшар деңгейінде өлшеніп, оны экожүйелердің бұл ресурстарды қалпына келтіру мүмкіндігімен салыстыруға болатынын анықтады. Әрбір қала тұрғыны экологиялық ұқыптылық танытуы керектігі туралы қорытындыға келді.