2024 жылдың 10 тамызы күні ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында Абай күнін мерекелеу аясында «Абай – қазақ әдебиетінің сөз зергері» атты іс-шара өтті. Іс-шара тақырыптық нысандарда, яғни Абай шығармашылығына арналған көрме павильонында (№2 күмбез) және ақынның «Жидебай Бөрілідегі» үйінің үлгісі бойынша салынған үйде өткізілді.
Іс-шара барысында домбырашы Қуаныш Оралбаевтың және музей-қорықтың «Белес» этно-фольклорлық ансамблінің орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды, онда Абайдың «Сегіз аяқ», «Торы жорға», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сияқты белгілі туындылары орындалды. Сондай-ақ, қонақтарға «Абайдың қара сөздерінен» үзінділер оқылып, ұлы сөз зергерінің өмірбаяны мен шығармашылығын білуге арналған викторина өткізілді, қазақтың ұлттық ойындары мен Абай үйіне және «Абай әлемі» экспозициясына экскурсиялар өткізілді.
Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапханамен ынтымақтастық аясында Абай шығармашылығы туралы кітап көрмесі ұсынылды.