«Ғашықтарға арналған кәдесыйлар»

«Ғашықтарға арналған кәдесыйлар»

14 сәуірде Қ.Қайсенов атындағы саябақта Қазақстандағы Ғашықтар күніне орай сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде қайың қабығынан, танамоншақтан, сазбалшықтан, тастан жасалған қолөнер бұйымдары, тоқылған ойыншықтар, зергерлік бұйымдар, бойтұмарлар және тағы басқалар қойылды. Іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй мен сазды құттықтау нөмірлері ұсынылды.