«Пасха кәдесыйы» іс-шарасы

«Пасха кәдесыйы» іс-шарасы

13 сәуірінде ШҚО музей-қорық христиандардың маңызды мерекелерінің бірі – католиктік Пасханы мерекелеуге қатысты. Облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өткен мерекелік іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық «Видергебурт» неміс мәдени орталығы ұйымдастырды. Іс-шара аясында көшпелі көрме ұйымдастырылып, онда музей-қорықтың қор топтамасынан алынған, неміс халқының мәдени мұрасын бейнелейтін жәдігерлер ұсынылды. Мереке бағдарламасына Пасха сыйлығын жасау бойынша шеберлік дәрістері,  байқаулар мен ойындар енді. Достық үйі ұжымдарының, сондай-ақ,  «Maiglockchen» вокалдық ансамблінің концерттік нөмірлері жағымды сыйлық болды.