«Наурыз келіп, шаттануда бар әлем!» көшпелі көрмесі

«Наурыз келіп, шаттануда бар әлем!» көшпелі көрмесі

19-28 наурыз аралығында «Император» сауда кешеніне келушілердің назарына ШҚО музей-қорығының қызметкерлері ұйымдастырған Наурыз мейрамына арналған «Наурыз келіп, шаттануда бар әлем!» көшпелі көрмесін ұсынды. Көрмеге қазақ киіз үйінің жартылай ішкі жабдықтары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық заттар қойылған.