«Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!»

«Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!»

18 наурыз 2024 жыл сағат 15-00де Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні» мерекелік іс-шарасі өтті.

Ежелден келе жатқан Ұлыстың ұлы күнін мерекесін  мемлекетіміз 22 Наурыз күні  әр жыл сайын  тойлап өтеді. Қазақстандықтар үшін Наурыз мерекесінің мәні - жыл басының мейрамы, халықтар арасындағы достығының мейрамы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетін салт-дәстүрлерімен құнды мейрам.

Өнер музейінің қызметкерлері жарқын бағдарлама дайындады. Көрермендер ұлттық дәстүрлі бағдарламаларымен: «Шашу», «Камшы қайтару», «Селт еткізер. Ұйқы ашар», «Бата беру» және салт-дәстүр көріністерімен танысып, тақырыптық викториналарға қатысты.

Этно-фольклорлық ансамбль «Алас», Гүлнар Перкова, Ауқобаев Айдын, Любовь Семенкова және «Архат» атты балалар би ұжымы өздерінің концерттік бағдарламарымен көрермендерді қуантты.

Барлық қонақтарды тегін бауырсақ және тәттілермен дәм таттырды.

Осындай мерекелер адамдарға қуаныш сыйлап, қайталанбас әсер қалдырды.