«Кітапханадағы қымызхана»

«Кітапханадағы қымызхана»

Мереке күндері Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспіірмдер кітапханасында «Кітапханадағы қымызхана» бағдарламасы аясында кезекті кездесуі наурыз мерекесінің «Шаңырақ» күніне арналды. Оқырмандар отбасы хрестоматиясына айналған «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабымен танысып, наурызды елімізге қайтарған қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің ерен істеріне тәнті болды. Кеш қонақтары шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толған және төрт бала тәрбиелеген «Алтын шаңырақ» иелері Бидельманов Аманжол Ережепұлы мен Бидельманова Мағиза Үрпекбайқызы отбасы құндылықтары туралы өнегелі әңгіме айтып, жас отбасыларға «Наурыз бата» берді. Кездесу отбасының рөлін, «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес тәрбиелеу

Кездесу барлық қатысушыларға отбасының маңыздылығын атап, балалар мен жастарды «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес тәрбиелеуге  ықпал етеді