Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары

Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары

19 қаңтарда А.С.  Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» интерактивті әдеби экспозициясының салтанатты ашылуы өтті. Облыс өміріндегі басты оқиғалар мен өңірімізге еңбегі сіңген атақты тұлғалар – мерейтой иелерін арқау еткен көрме бірнеше бөлімнен тұрады. 

«Ұлт перзенті» деген атпен кітап галереясының көшбасында – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан; мемлекет қайраткері Әйтеке би; аға сұлтан  Қ. Өскенбайұлы; Абайдың талантты шәкірттері – Х. Өскенбайұлы, К. Жанатайұлы, К. Ысқақұлы; ақын, жазушы, қоғам қайраткері Ж. Аймауытұлы; ұлт қайраткері, жазушы Т. Рысқұлов; Алаш қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері М. Тынышбаев; геолог-ғалым, Қ. Сәтбаев; «Халық Қаһарманы» С. Нұрмағамбетов және т.б.

 «Өмір жырын шерте білген» бөлімі мерейгер - жазушылар мен көркемсөз шеберлерін біріктіреді. Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин; ақын-жазушылар Б. Соқпақбаев, Ә. Кекілбаев, Ф.Оңғарсынова, М. Құмарбеков, Ғ. Байбатыров, С. Ғаббасов, Ұ.Есдәулет, Б. Щербаков, С.Черных,  Х. Балшабеков және т. б.

«Өнермен өрілген өмір» бөлімінде мерейгер-шығармашылық мамандықтың жарқын өкілдері – Қазақстанның халық әртісі, кино және театр әртісі Ә. Өмірзақова, жазушы, әнші және музыкант Ж. Кәрменов, Қазақстанның халық әртісі Б. Төлегенова, сазгер Б. Әшірбаев Б. Аникин және т.б.

«Өр Алтайда ізі қалған тұлғалар» бөлімі – тағдыры өлкемізбен тығыз байланысты мерейгерлерге арналады. Олар: журналист, жазушы-тарихшы В. Обухов;  жазушы, ШҚ білім беру мен баспа ісін дамытуға үлес қосқан саяси қайраткер П. Бажов; Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі саяхатшы Н. Пржевальский; ғалым, түркітанушы  А. Аманжолов және т.б.

Қонақтар мерейгерлердің өмірі мен қызметі туралы көптеген қызықты фактілермен, баспа, бейне, фотоқұжаттармен және шығармашылық мұрасымен танысты.

Тарихшы, доцент А. Абдрахманова мемлекет қайраткерлерінің өмірінен қызықты деректерге тоқталса, доцент, филология ғылымдарының кандидаты С. Хасенов  мерейгер жазушылардың шығармашылығымен   жан-жақты таныстырды.

Кездесудің қонақтары, мерейтой иелері – Б. Щербаков, А.Әубәкіров, И. Дурново, В.Обуховтың өз аузынан шыққан қызықты әңгімелері жастардың жадында ұзақ сақталады деп ойлаймыз.

«Алтай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауындағы күйлер мерекеге ерекше атмосфера қалыптастырса, Бибігүл Төлегенованың шәкірті Гүлнар Перкованың орындауындағы «Алқоңыр» халық әні қонақтардың қызу қошеметіне бөленді.