Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тақырыпта жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тақырыпта жиын өтті

Бүгін 2023 жылғы 4 шілде күні облыстық А.Пушкин атындағы әмбебап кітапхана ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тақырыпта жиын өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы А.Бейсембаев, ШҚО Мәдениет басқармасының қызметкерлері және басқармаға қарасты мәдениет ұйымдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Жиында ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р.Нұрмұқанова, қорық-музей директоры А.Тен, «Ертіс концерт» концерттік ұйымының директоры Д.Мерғалиев баяндама жасады.

Сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы А.Бейсембаев қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заңдардағы нормалар, алдағы уақытта заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндап берді.

Жиынға қатысушылар арнайы тақырыпқа ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалады