«Алтай –түркі әлемінің алтын бесігі» дөңгелек үстелі 2023 жылдың 6 маусымында "Қазан Кремль" Мемлекеттік музей-қорығы ғимаратының дәрісханасында өтті.
Дөңгелек үстел «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде археологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша өткізілді, оның мақсаты әрбір қазақстандықтың ұлттық-мәдени бірегейлігін сақтау және жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Отырыста Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д. Б. Сапанов сөз сөйледі. Қазақстанның жетекші археологтары профессор З. С. Самашев пен профессор Ә.Т. Төлеубаев Шығыс Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары мен маңызды зерттеулер туралы айтып берді. Отырыста сөз сөйлегендер арасында Татарстан Республикасы Ғылыми академиясының А.Х.Халиков атындағы Археология институтының кіші ғылыми қызметкері А.У.Урбушев болды.
Сондай-ақ археологиялық зерттеулер, археология ескерткіштерін сақтау, қалпына келтіру және музейлендіру саласының кәсіпқой екі ел мамандарының тәжірибесімен алмасу өтті.